- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ашқарақтықты қалай басуға...
Ашқарақтықты қалай басуға болады?
Көп мөлшерде тамақ жеу және қимыл-қозғалыстың азаюы семіздікке алып келеді. Адамның көп тамақтануына итермелейтін ол - инсулин гормоны. Инсулин деңгейі жоғары болса, қандағы қант деңгейі төмендейді. Одан ми ашығып, тәбетті жоғарылататын дабыл қоңырау жібереді. Осыған байланысты эндокринолог Наталья Таныгина қалай көп тамақ жеуді тоқтатуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Біз неліктен үнемі тамақ жегіміз келіп тұрады?
Инсулин алмасуы бұзылмаған сау адамда құрамында көмірсуы бар тағамды жегеннен кейін глюкоза деңгейі жоғарылайды, ми тынышталып, тәбеті төмендейді. Ал инсулин алмасуы бұзылған адамда, ми қаныққаны туралы дабыл беруге асықпайды.
Осы екі жағдайдың арасындағы өтпелі кезеңде тәтті нәрсені жегеннен кейін қандағы қант тез көтеріледі. Нәтижесінде инсулин тым көп өндіріліп, қант мөлшері тез төмендейді, сосын ми қайтадан аштық туралы дабыл береді.
Көп тамақтанудың себептері:
Тұқым қуалайтын екінші типтегі қант диабеті. Ауру инсулин өндірісі реттелуінің бұзылуынан басталады. Дәл осы бейімділік тұқым қуалайды. Көбінесе мұндай адамдар тіпті тамақтанбауы мүмкін, бірақ олардың салмағы өсе береді.
Артық салмақ. Инсулин майды өте қатты жақсы көреді. Май тіндері бұл гормонды ми мен бұлшықетпен қатар тұтынады. Адам дұрыс тамақтанбаған кезде гормон майды ыдыраудан қорғайды, ал май инсулин сезімталдығын төмендетеді. Бұл құрамында көмірсу бар әрбір жеген өнімнен инсулиннің көбірек өндірілуіне әкеледі. Денедегі май тіндері уақыт өте ыңғайлана бастайды.
Жеңіл сіңімді көмірсудың көп мөлшерін жеу. Әдетте тәбетті бақылау және артық салмақ мәселелері осыдан басталады. Қант деңгейі тез көтерілсе, ол тез түседі, салдарынан сіз қайта тамақтанғыңыз келеді.
Тағамның сапасын бақылау
Сонымен, тамаққа деген құштарлықты жеңу үшін тамақ мөлшерін шектеудің орнына, оның сапасын бақылау керек.
Жылдам көмірсуларға бидай ұнынан жасалған барлық тағам, ақ күріш, картоп және одан жасалған тағамдар, қантты сусындар, банан, жүзім, мейіз, қант жатады. Ал баяу көмірсуларға:
- көкөністер;
- арпа жармасы;
- қантсыз сүт өнімдері;
- жемістер, әсіресе цитрус;
- қара өрік;
- құрамында кем дегенде 60 пайыз какаосы бар ащы шоколад;
- бадам және күнбағыс тұқымдары.
Оған қоса, құрамында мүлде көмірсу жоқ тағамдар бар. Бұл, мысалы, балық, ет, жұмыртқа, ірімшік, жаңғақ.
Осылайша, күнделікті рационда жеңіл сіңімді көмірсулардың тұтынылуын шектеу инсулин деңгейін тұрақтандыруға және ашқарақтықтың алдын алуға көмектеседі.
Жақсы тәбет бұл ең алдымен гормоналды жағдайдың айнасы. Сондықтан тамақ мөлшерін шектеу арқылы оны тоқтату өте қиын. Нәтиже болуы үшін бастапқы себепке әсер ету керек.
Айта кетейік, бұған дейін қарын ашқанда тәбетті қалай қайтаруға болатыны туралы хабарланған болатын
Тағы да оқи отырыңыздар: «Бие қысырамас» деген қандай ырым?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә