Аш қарынға, тамақтануға дейін немесе кейін? Дәрі-дәрмек жақсы сіңуі үшін қай уақытта қабылдаған дұрыс?

Дәрі-дәрмекті қабылдау тамақтану уақытымен тікелей байланысты. Гинеколог Екатерина Волкованың айтуынша, бұл олардың жақсы ассимиляциясы мен жоғары сапалы әсері үшін ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік үшін де маңызды. Ең дұрысы, тағайындалған дәрі-дәрмекті қалай қабылдау керегін дәрігер айтуы керек. Кейде маманның көмегінсіз, үй жағдайында ем қабылдаймын деп шешсеңіз сұрақтар туындауы мүмкін. Мысалы, тамақтану кезінде немесе одан кейін? Әлде тамақтанар алдында? Айырмашылығы неде? Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап айтады.

Дәрігер Telegram-арнада жазба арқылы бұл тұжырымдаманың нені білдіретіні мен маңызын түсіндірді.

Аш қарынға - таңғы астан 1 сағат не 30 минут бұрын.
Тамақтанар алдында - тамақтанудан 30-60 минут бұрын.
Тамақтану кезінде - тамақтанудан 15 минут бұрын және 30 минуттан кейін.
Тамақтанғаннан кейін - тамақтанғаннан кейін 30-60 минуттан кейін.

Маманның сөзінше, көбінесе аш қарынға немесе тамақтанар алдында холеретикалық препараттарды және асқазанның қышқылдығын төмендететін дәрілерді қабылдау ұсынылады; тамақтану кезінде - ферменттік препараттар, негізінен омега-3, дәрумен, лецитин секілді қоректік заттар; тамақтан кейін - қабынуға қарсы стероид емес препараттар (ҚҚСП), бұл асқазанның шырышты қабығын қорғауға мүмкіндік береді.

Егер дәрі-дәрмекті тамақтану уақытымен байланыстыру туралы нұсқау болмаса, оны кез келген уақытта қабылдауға болады.
 
Оған қоса, дәрігер дәріні бөлме температурасындағы жылы, қарапайым ауыз сумен ішкен дұрыс екенін еске салды. Кофе, шай немесе шырынмен ішуге болмайды. Бұл сусындар препараттың сіңуіне кедергі келтіреді, тіпті мүлдем зиян тигізуі де мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін ауырсынуды басатын дәрінің зияны мен пайдасы туралы хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жүктілік кезінде спортпен шұғылдануға бола ма?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!