Таңертеңгілік қайталанатын кей әдеттер күні бойына жоспарыңызды дұрыс жүзеге асыруға, жақсы көңіл-күйде болуға және тамақтануды жүйелеуге көмектеседі.
1. Ақуызы мол кешкі ас
Кешкі ас таңғы әдет емес екені анық. Дегенмен, күннің соңында жеген тамақ ертеңгісін таңертең айтарлықтай әсер етеді. Егер сіз бір күн бұрын ақуызы мол кешкі ас ішкен болсаңыз, онда таңертең өзіңізді аш сезінбейсіз, яғни таңертең зиянды тамақты тойып жеуге жол бермейсіз. Көмірсуға бай кешкі ас, керісінше, инсулиннің жоғарылауына және тағы бір жоғары калориялы тағамға әкеледі. Сонымен қатар, ақуыз түнде метаболизмді қолдау үшін өте жақсы, яғни ұйқы кезінде майдың бір бөлігі жағылады.
2. Жарық
Күн сәулесі біздің денемізге қатты әсер етеді: ол бізді таңертең оятып қана қоймай, сонымен қатар арықтауға да көмектеседі. Күндізгі жарық бұлтты ауа-райында да метаболизмді белсендіреді. Ұйқыдан кейін бірден метаболизмді тездетсеңіз, сіз автоматты түрде көбірек калория жағасыз. Айтпақшы, тіпті күндіз 20-30 минут серуендеудің өзі салмақ жоғалту процесіне әсер ету үшін жеткілікті болуы керек.
3. Төсек жинау
Арықтаудың бұған не қатысы бар? Бұл психологиялық тәсіл, ол ой жинақтаудан бөлек, салмақ жоғалтуға да көмектеседі. Таңертең төсек жинайтындар осы арқылы өз ерік-жігерін көрсетеді. Ал арықтауға бел буған адамға бұл қасиеттер керек-ақ.
4. Таңғы ас
Артық салмақтан арылғыңыз келсе, таңғы асты міндетті түрде ішіңіз. Сапалы таңғы ас артық тамақтанудан және қантты тағамдардан аулақ болуға көмектеседі. Егер сіздің ағзаңыз өзіне керек барлық маңызды қоректік заттарды таңертең алса, сіздің күні бойы калориясы аз ас ішу ықтималдығыңыз жоғары. Айтпақшы, мінсіз таңғы ас күрделі көмірсулар мен ақуыздардың қоспасы, мысалы, нан мен жұмыртқа немесе табиғи йогурт пен жеміс қосылған сұлы жармасы. Бірақ егер сіз таңертең ештеңе жей алмасаңыз, өзіңізді мәжбүрлеудің қажеті жоқ.
5. Үнемі салмақ өлшеу
Күнделікті таңертең бір уақытта (аш қарынға жақсырақ) салмақ өлшеу – өз денесін жақсырақ танып, салмағын қадағалағысы келетіндер үшін тамаша әдет. Таразы сіздің қандай тамақтан салмақ қосатыныңызды түсінуге көмектеседі.