- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Арықтаған соң қыз...
"Арықтаған соң қыз болғыңыз келді ме?" Құрманай Бақтиярқызы жаңа суретімен оқырмандарының назарын аударды
Ауыр сырқатынан кейін айтарлықтай салмақ тастаған танымал асаба, ақын Құрманай Бақтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа сурет жүктеп, оқырмандарының назарын аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жүктеген суретінің астына балаларына арнап жантебірентер жазба қалдырған.
"Толғанай мен Сұңқар менің өмірім ғой! Сүре білген адамға, өмір ғажап, тамаша
Біреу биік өмірде, ал біреуі аласа
Бүгін құлап сүрінсең, ертең жүгір тоқтама
Бәрін мүмкін жеңуің, егер жүрек қаласа.
Қайырмасы..
Өмір, өмір, өмір бір рет берілген
Орын берсең жүрегіңнің төрінен
Өмір деген өзгереді қаласаң,
Тек қадамды басу керек сеніммен.Күліп жүрсең, өмірдің күні күліп қарайды.
Үміті жоқ адамды, жан жағынан талайды.
Сенбеу керек өзгеге, бәрі сенің қолыңда..
Өзіңді қой әрқашан, ең бірінші орынға", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Алайда Желі қолданушылары әншінің жазбасына емес, біршама салмақ тастағанына назар аударған.
"Құрманай ханым, қатты азғансыз, әдейі ме әлде бір жеріңіз ауыра ма?", Мен салмақ тастай алмай жүрмін, сіз қалай тастадыңыз? Бөлісіңізші", "Орамалды шешкенім дұрыс болмады" дегендей қайта тартып едіңіз. Арықтаған соң қыз болғыңыз келді ме? Қайта шешіпсіз ғой, иман әлсіреді ме?", "Қатты өзгерген, пластикалық оперия сияқты", "Күшіт арықтапсыз", "Құпия болмаса, қалай азып жатырсыз?", "Қалай аздыңыз?" деп қанша сұрадым. Құпия болмаса, бөліссеңіз", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүкті кезде ащы жеуге бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә