Көпішілік адам жоғары қан қысымымен қиналады. Артериялық қысымды түсіруге көмектесетін өнімдерді ұсынамыз.
Артериялық қысымды қалыпта ұстау үшін рационда калий, кальций және магний болуы керек. Калий натрийдің жағымсыз әсерін түсіреді. Ал магний қан тамырлардың кеңеюіне және олардың қабырғаларының қатаюына көмектеседі. Қан тамырлар қабырғаларының қатаюына минералды заттардан бөлек С дәрумені мен рутин керек. Ендеше, жоғары қан қысымын қандай өнімдер түсіреді?
Балық
Албырт, скумбрия, бақтақ, сардина және тунецте омега-3 көп қанықпаған майлы қышқылдары бар. Ол қандағы холестерин деңгейін түсіруге ықпал етеді.
Картоп
Оның құрамында калий, магний және С дәрумені көп. Алайда оны қабығымен бірге буға немесе пешке тұзсыз пісіріп жеген дұрыс.
Майлы емес йогурт
Сүт-қышқылды өнімдерде кальций мен магний көп, олар калиймен бірге жүрек пен қан тамырлар жұмысына жағымды әсер етеді.
Сарымсақ пен дәмдеуіштер
Насыбайгүл, даршын, жебіршөп, гүлшетен тұзсыз тағамдарға дәм сыйлай алады. Тұз аз болған сайын артериялық қысымның көтеріліп кету қаупі де аз болады. Оған қоса, сарымсақ пен шөптер қан тамырларды босаңсытады, холестерин деңгейін төмендетеді.
Ащы шоколад
Күніне ащы шоколадтың кішкене бөлігі артериялық қысымды түсіруге көмектеседі. Оның құрамында антиоксиданттық және қабынуға қарсы қасиетке ие флавоноидтар бар. Алайда шоколад құрамындағы какао 60%-дан төмен болмау керек.
Күріш
Құрамындағы калийдің жоғары мөлшерінің себебінен ол жүрек-қан тамырлар жүйесіне жағымды әсер етеді және артериялық қысымды қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Бадам жаңғағы
Бадам жаңғағы қандағы холестерин деңгейін түсіруге көмектеседі. Оның құрамында "жақсы" холестерин, ақуыз, жасұнық, калий, магний және Е дәрумені бар. Жүрек-қан тамырлар асқынуларының қаупін азайту үшін күніне 30-40 г бадам жаңғағын жеу жеткілікті.
Су
Күніне судың және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішу маңызды. Ағзаны сусыздануға дейін апаруға болмайды. Егер сусыздану орын алатын болса, бүйрек ренин бөле бастайды, ал оның салдарынан сұйықтық жетіспеушілігінің орынын толтыру үшін натрий мен су ағзада тұрып қалады. Мұндай реакция жиі болатын болса, артериялық қысым көтеріліп кетуі мүмкін.