Әли Оқаповтың әйелі Ақерке Бүркітбай күйіне қатысты дауға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram Stories-інде бөлісті.
"Кешеден бері Instagram-да, жалпы әлеуметтік желілерде болып жатқан нәрсені көріп тұрған шығарсыздар, бір мезетте басталып кетті. Шынымды айтсам, мен үшін, арнайы жасалып жатқан нәрсе сияқты көрінді. Менің жолдасым бұл орденге лайық. Неге? Себебі, ең бірінші, ол - кәсіби музыкант және адал еңбек етіп жүрген азамат. Ол өте еңбекқор, өзіне ғана емес, Қазақстанның қарулы күштері, көптеген халықаралық конкурсқа қатысып жүрген әншілерге, жастарға ән жазып, продюсер болып жүр. Ең бастысы, ол ешқашан мен мынаны жасадым деп кеудесін керіп, мақтанатын азамат емес. Мен өз басым оны құрметтеймін және осы марапатқа лайық деп ойлаймын", - дейді ол.
Еске салайық, Республика күні қарсаңында Әли Оқапов "Құрмет" орденінің иегері атанған болатын.
"Бүгін "Құрмет" орденінің иегері атандым! Шынымен күтпеген жағдай болды. Әрине, көп рақмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, маған артқан сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рақмет! Басымды иемін!", - деп жазды әнші.
Кейін Желіде марапат алған Әли Оқаповтың басы дауға қалды. Желі қолданушылар оны орденге лайық емес деп пікір қалдырды. Өнер иесі даудан кейін барлық марапатынан бас тартқанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!