Арқаны, мойынды немесе саусақты сықырлатқан кезде шығатын дыбыс көпшілікке таныс. Ол айналадағыларға ұнамауы мүмкін, алайда жиі "сықырлатудың" қаупі жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Henry County Hospital-ға сілтеме жасап.
Сықырлату кезіндегі шығатын дыбыс буындарды шаюға көмектесетін синовиалық сұйықтықтағы көпіршіктер жарылған кезде пайда болады. Сіз созылған кезде көпіршіктер жарылады.
Арқаны, мойынды немесе саусақты сықырлату адам денсаулығына зиян келтірмейді. Алайда абай болыңыз, сықырлату кезінде жүйкені қысып қалуыңыз немесе бұлшықетті созып алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ денеңізді сықырлату әдеті айналаңыздағы адамдардың ашуына тиюі мүмкін, бірақ ол артритпен ауыру қаупін арттырмайды. Сүйектерін сықырлататуға үйреніп қалған және оны мүлдем жасамайтын адамдардың қолдарындағы артритті салыстырған бірнеше зерттеу осындай қорытындыға келді.
Десе де, мамандар егер денеңізді сықырлату ауырсыну, ісіну және қозғалыстың бөгелуімен қатар жүрсе, дәрігерге қаралу керегін айтады.
Оқи отырыңыз: Дәрігер буын ауруының 6 себебін атады
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!