Көпшілік ер адамдар бұлшықеттерін босаңсыту үшін арқасын балаға, кейде ересек адамға аяқпен бастырады. Арқаны аяқпен басуға бола ма?
Арқаны аяқпен басып жасайтын массаж түрі шынымен де бар. Ол Шығыста пайда болған және ол "ашиатсу" деп аталады. Ол - ежелгі тәжірибе.
Бұл массаж кезінде маман арқаға май жағады және арқаны аяқпен басқан кезде қолдарымен төбеге ілінген арнайы темірді ұстап тұрады. Сол кезде қолмен жасалған массаж секілді процедура болады, бірақ ол қолға қарағанда тереңірек және қаттырақ әсер етеді.
Арқада аяқпен дұрыс жүру және қажет жерді дұрыс басу жақсы босаңсытушы әсер береді. Алайда оны бұл процесті түсінетін адам ғана жасауы керек. Себебі бұл қауіпті процедура.
Ал егер сіз жай адамның арқасына шығып жүретін болсаңыз, оны массаж деп айту қиын. Себебі үйде ұстауға болатын төбеде ілініп тұрған арнайы темір жоқ. Егер май немесе крем қолдансаңыз, сырғанап құлап кетуіңіз мүмкін. Оған қоса, ұстап тұратын нәрсе болмағандықтан, "массаж жасаушы" адам құлап қалмас үшін теңселіп, әр жерді бір басады. Соның салдарынан адамның арқасы зақым алуы немесе қандай да бір ауруы асқынып кетуі мүмкін. Сондықтан денсаулыққа қауіп төндірмей, өздігінен емделмеген жөн.
Егер үйде арқа бұлшықеттерін босаңсытқыңыз келсе, мына екі әдісті қолданыңыз: