Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде өз атынан жалған парақша ашқан алаяқтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, атынан жалған парақша ашқандар оқырмандарына ойын ойнатып, алдап жүр.
"Менің атымды жамылып, ақша тауып жүр алаяқтар. Ар, ұят, намыс дегеннен безген адамның әрекеттері. Бұл нәрсе ауыр болып келеді. Алла жазасын берсін. Алданып, ақша жібермеңіздер", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз