Аптапта балмұздақ пен мұздай су жүрекке қауіп төндіруі мүмкін

Кардиолог дәрігер Ирина Тарасова аптап ыстықта балмұздақ жеу немесе мұздай су ішу жүрек талмасына ұрындыруы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ол RT басылымына айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның түсіндіруінше, қатты суық әсерінен қан тамырлары күрт тарылады. Дені сау адам мұны байқамауы мүмкін. Ал қан тамырларында кінәраты бар адамдарда тамыр түйіліп, жүрек бұлшықетіне қанның жеткіліксіз баруына себеп болуы ықтимал.

"Салқын тағам немесе сусын ішкеннен кейін кеуде тұсы ауырса, оны жай сәйкестік деп қабылдамаған жөн. Кардиологқа көрініп, тексеруден өту керек", - деді ол.

Бұған дейін тіс дәрігері Павел Лысенков тіс ауруы кейде жүрек талмасының белгісі болуы мүмкін екенін ескерткен. Оның айтуынша, мұндай тосын белгі жүрек бұлшықетінің қанмен дұрыс қамтамасыз етілмеуінен пайда болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!