Аптап ыстықта күйзеліске түспеудің жолы қандай? Дәрігер кеңес берді

Аптап ыстықта күйзеліске түспеудің жолы қандай? Дәрігер кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Эндокринолог дәрігер Зухра Павлова аптап ыстықта күйзеліске түспеуге көмектесетін қарапайым кеңестер берді. Ол ыстық күндері жүйке жүйесіне артық салмақ түсірмей, өзіңізді жайлы сезінудің жолдарын Telegram-арнасында түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігердің айтуынша, күн ыстықта адам тез шаршап, ашуланшақ бола бастайды. Ал жұмыстағы тұрақты қысым мен қарбалас жоғары температураның ағзаға кері әсерін күшейте түседі. Мұндай кезде жайсыздықты азайтуға жұмыс үстелінде дұрыс отыру, дене қалпын жиі өзгерту және тапсырмалар арасында қысқа үзіліс жасау көмектеседі.

Павлова қарапайым тыныс алу жаттығуларын орындауға және күн ішінде бірнеше минут болса да демалуға кеңес берді. Оның айтуынша, бір-екі минут баяу тыныс алудың өзі ширығуды тез басуға көмектеседі.

Сонымен қатар, дәрігер ауқымды тапсырмаларды бірнеше шағын бөлікке бөліп орындауды ұсынады. Бұл адамның өзін жұмысқа көміліп қалғандай сезінуін азайтады.

Маманның сөзінше, жұмыс пен жеке уақыттың арасын ажырата білу де маңызды. Сондай-ақ, өзіңізге артық міндет алмауға тырысу керек. Мұндай әдеттер жүйке жүйесін қорғап, күйзелістің көңіл күйге және әріптестермен қарым-қатынасқа әсерін азайтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget