Аптадан миллисекундқа дейін: Байланыс желіcі қалай пайда болды?

Аптадан миллисекундқа дейін: Байланыс желіcі қалай пайда болды?
Фото: elements.envato.com

Ақпарат алмасу – адам қажеттілігінің бірі. Технологиялар дамығанға дейін хат алмасатын болған. Ол хаттың иесіне жетуі біраз күн болған. Бүгін адамзат ғасырлар бойына хабарлама жіберу мәселесінің шешімін қалай тапқанын баяндайтын боламыз. 

Хабаршылар: Эстафетадан поштаға дейін 
Сигналдар арқылы ақпарат алмасу оңайырақ болғанымен, хат оқиға мен жағдай жайлы толық баяндауға көбірек мүмкіндік беретін еді. Сол себепті жазудың дамуымен қатар хабаршыларға деген сұраныс артты. Жаяу хабаршы сағатына 10 километр, күніне 40-50 километрге дейінгі қашықтыққа дейін жүгіріп хабар таратқан. 

Фидиппидтің Рафина қаласында орналасқан мүсіні  Фото: Yannis Kontos / Polaris / EastNews

Хабаршылар арасындағы рекорд афиналық Фидиппидке тиесілі. Ол біздің заманымызға дейін 490 жылы шайқас алдында Спартаға шұғыл хабар жеткізу үшін екі күнде 230 километр жүгіріп өткен. Аңыз бойынша гректер жеңіске жеткеннен кейін әлсіреген Фидиппид Марафон қаласынан Афинаға дейін 40 километр жүгіріп келіп, "Афиналықтар, қуаныңдар, біз жеңіске жеттік" деп айқайлап барып, өліп кеткен. 

Ел басшылар үшін өзге мемлекеттерде не болып жатқанын білу үшін маңызды болды. Ежелгі Мысыр, Грекия, Парсы мен Римде хабаршылар үшін эстафета тәсілін пайдаланған. Хабаршылар жүгіретін жолда демалып, аттарын ауыстыруға арналған тұрақ болған. Оны латын тілінде mansio pozita деп атаған. Көптеген Еуропа аймағындағы мемлекеттердегі пошта сөзі де содан шыққан.

Пошташы көргершіндер
Хабашылардың бәсекелесі ретінде әуе байланыс түрі пайда болды. Хат тасуға үйретілген көгершіндер сағатына 100 километр ұшып, 1500 шақырым қашықтықты  оңай енгерген. Олар адаспайды және қолаусыз ауа-райына қарамай ұша береді. Пошташы көргершіндер өз иесіне 10-15 жыл қызмет етді. Бұл байланыс түрінің екі кемшілігі болды. Бірінші  —  көгершіндер ауыр салмақты көтеруге қауқарсыз, сол себепті шағын хабарлама ғана жіберген. Екіншісі — олар тек бір нүктеге қарай ұшатын болған. 

Пошташы көгершіндерді ежелгі мысырлықтар, гректер, римдіктер ұстаған. Бірақ көгершіндер өздерінің тиімділігі арқылы адамзатқа біраз жыл бойы еңбек еткен. Мысалы,  Ротшильд отбасы 1815 жылы Ватерлоо маңындағы шайқаста Наполеонның жеңілгені туралы ақпаратты екі күн ерте алған. Соны пайдаланып Натан Ротшильд биржада құнды қағаздармен айласын асырып, 40 миллион  доллар табыс тапқан.

XIX ғасырдың аяғы мен  XX ғасыр басында телеграф жұмыс істесе де, еуропаның кей елдерінде көгершін поштасы қызмет еткен. Әрбір аймақта олардың бекеттері болған. Олар "өз" және "өзге" деп жіктеп, көгершіндерді өсірген. 

Көгершіндер поштасы, Бірінші Дүниежүзілік соғыс, 1917 жыл. Дереккөзі: Österreichische Nationalbibliothek

Жаңа Зеландиядағы көгершін поштасы ресми түрде тек 1908 жылы жабылған. Оған себеп  Грейт-Барриер аралы мен Маротири ел астанасымен суасты кабелі арқылы байланыса бастаған.  

Сонымен қатар, пошташы көгершіндер екі дүниежүзілік соғыс кезінде танымал болған. 

Оптикалық және электрлі телеграф: байланыс революциясы 
Мәліметтерді үлкен қашықтыққа жіберуге арналған бірінші құрылғы оптикалық телеграф болды. Жарықты шағылыстыру арқылы көптеген километрлерге белгілер жіберетін құрылғы туралы ең ерте зерттеулер Ежелгі Грекияға тиесілі. Ал Рим билеушісі Тиберий гелиографты пайдаланып, Капри аралындағы вилласынан 8 шақырым жерде орналасқан материкке бұйрықтар жіберді.

Бірақ оптикалық телеграфты кеңінен XVIII ғасырдың аяғында ғана қолдана бастады. Бірінші желі Париж және Гринвич обсерваториялары арасында 1778 жылы салынған. Мұндай жүйенің көмегімен ашық шуақты күнде 50 шақырымға, айлы түнде 15 шақырымға хабарлама жіберуге мүмкіндік туды. Бұл ат хабаршысы арқылы ақпаратты жіберуге қарағанда айтарлықтай жылдам және жарықты от пен барабандарға қарағанда нақтырақ болды.

Клод Шапптың семафорды таныстыру сәтінен. Дереккөз: Musee des Arts et Metiers / Wikimedia Commons

1792 жылы француз Клод Шапп айна мен күн сәулесінің көмегімен мәліметтерді тасымалдайтын семафорларды ойлап тапты. Ғимараттардың төбесінде айналар бекітілген тіреуіш бар тірек орнатылды. Мұндай байланыс жүйесі қарапайым және арзан болды. Шапп жолақтарға қатысты айналардың әртүрлі позициялары үшін кодтар жүйесін ойлап тапты: олар 196 кодты қабылдай алады. Клодтың жолы болды - оның ағасы Игнатий өнертабысты ұсынған Ұлттық конвенцияның мүшесі болды.

Шапптың алғашқы семафор желісі Париж бен Лилль қалалары арасында орнатылды. Ол 22 бекеттен тұрады және Францияға соғыста үлкен көмегін тигізді. 1794 жылы желісінің құрылысы аяқталды, оның бойымен бірінші хабарлама жіберілді. Ол 1 қыркүйекте француз әскерінің Аустрияны жеңгені туралы болды. Бұл жаңалық жеңістен кейін бір сағаттан таратылды.

Трансатланттық телеграф кабелі: жаһандануға алғашқы қадам
Электрлік телеграфтар желісі Еуропа мен Ресейді тез қамтыды, бірақ континенттер арасындағы хабарламаларды тасымалдау әлі де шешілмеген мәселе болды. Хабарламалар паромдармен аз дегенде 20 күнде жеткізілген.

Материктерді телеграф арқылы байланыстыру үшін су астына кабель тарту қажет болды. Ал Мюнхендегі су асты кабелімен жасалған алғашқы тәжірибе гидроизоляциясыз жоспар іске аспайтынын көрсетті. 

1847 жылы неміс инженері Эрнст фон Сименс кабельді өсімдік шайыры – гуттаперча арқылы оқшаулай алды, ал 10 жылдан кейін "Атлантикалық телеграф компаниясы" акционерлік қоғамы Атлант мұхиты арқылы 4500 км ұзындықтағы телеграф кабелін тартуға кірісті. 

Ол уақыттан Еуропа әлдеқаашан су асты кабелі бойынша тәжірибесі жинақтап үлгерген еді. Телеграфтық кабельдер Англияны Нидерланд және Ирландиямен, Корсиканы Сардиния және Италиямен байланыстырды. Сондықтан сол кездегі инженерлер не істеу керек екенін шамамен түсінгенімен, бірақ трансатлантикалық кабельдер жағдайында желінің ұзындығы бірнеше есе ұзынырақ болғандықтан жұмыс істей алмады.

Бірінші трансатлантикалық кабель үш қабат гуттаперчамен жабылған және темір арқандармен қапталған жеті мыс сымнан тұрды. Бір шақырымның салмағы шамамен 550 киллограмм болды. 1857 жылы жасалған кабельді тартудың алғашқы қадамы сәтсіз аяқталды: олар оны Ирландия жағалауынан  бастады және ол үзіліп кетті. Екіншісі, 1858 жылы  сәтті болды, бірақ бұл жолы да кабель істен шықты.


 Атлант арқылы кабель салу картасы, 1858 год. Дереккөз: Howe's Adventures & Achievements of Americans

1858 жылы телеграф ақыры Еуропа мен Американы байланыстырды. Алғашқы жеделхат 16 тамызда жіберілді. Англия патшайымының АҚШ президенті Джеймс Бьюкененге жіберген 103 сөзден тұратын трансатлантикалық хабарламасы кабельдің тебісіне байланысты 16 сағатқа созылды. Салыстыру үшін қазіргі трансатлантикалық кабельдер секундына 100 миллиардтан астам сөзді тасымалдайды.

Бірінші трансатлантикалық телеграф 27 күнге созылды. Оған себеп болған ішінара кабельді гидрооқшаулаудың жеткіліксіздігі және желінің тым жоғары кернеуі болды. Ол істен шыққанша бар болғаны 400 жеделхат жібере алды. 

Келесі тәжірибе 1866 жылы жасалды. Бір қызығы, Ньюфаундленд телеграфы Еуропадан жаңа кабель арқылы бірнеше сағат ішінде хабарлама алды. Бұл байланыс технологиясындағы үлкен серпіліс болды. 

АҚШ-та байланыстың дамуына гангстерлер себепші болды
1920 жылы Италияда билікке келген фашистік диктатор Бенито Муссолини жергілікті мафияға қарсы күреске кірісті. Соның кесірінене мафия өкілдері АҚШ-қа қашып кетуге мәжбүр болды. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Америка Италиядан келген гангстерлерге толы болды, оларға жергілікті тұрғындар да қосылды.

Тәртіп сақшылары мұндай көпшіліктің алдында дәрменсіз болды. Мафиялармен күресетін бөлім қылмыскерлерге күдік тудырмау үшін полиция бөлімшелерінен алыс жерге орналасты. Ол байланыс пен қылмыскерді ұстауда қиындық тудырды. Тіпті, біреу заңның бұзылғаны туралы хабарлау үшін қоңырау шалса да, гангстердің жасырынуға уақыты жеткілікті болды.

1921 жылы әбден үміті үзілген Детройт полициясының комиссары Рутледж құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тезірек жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тәжірибе жасауға шешім қабылдады. Ол қызметтік көлікке екі шаммен жұмыс істейтін және автокөліктің генераторынан қуат алатын Western Electric 500 ватт радио тарату құрылғысын жасайды.

Нью-Йорк полиция қызметкерлері радиобайланы құрылғысын сынауда, 1 ақпан 1932 жыл. Фото: AP

Мәліметтерді анықтау үшін полицейлер станцияға қайта қоңырау шалуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, қосылу лицензия шарттарына сәйкес белгілі бір уақытта ойын-сауық мазмұнын беруі керек болатын әуесқой радиостанцияның толқынында жұмыс істеді. Бірақ бұл жалғыз ұиындық емес. емес еді. FRC жиілігі мен шақыру белгілерін бірнеше рет өзгертті, түтік қабылдағыштары жол бойында үзіліп қалды, ал үкімет жобаны қаржыландыруға құлықсыз болды. Алайда, алғашқы қылмыс ашылған бойда бұл әрекетке деген көзқарас өзгеріп, құзырлы органдар ақыры бірге жұмыс істеуге келісті.

Рутледж  сенімді әрі жылдам жұмыс істейтін қабылдағышты көп жылдардан кейін ғана жасай алды. Полициямен екі жақты байланысы бар толыққанды радиотелефон 1933 жылы пайда болды.

Бүгінгі технологияның көшбасшысы ұялы телефонның алғашқы нұсқалары шығатын күнде алыс емес еді.  Ұялы телефонның ресми туған күні - 1973 жылдың 3 сәуірі. Оны Motorola қызметкері Мартин Купер ойлап тапқан. Алғашқы ұялы телефонда экран болған жоқ, бірақ оның 12 түймесі болды. Олардың оны нөмір болса, екеуі қоңырауды бастау және аяқтайтын. Құрылғының салмағы 1,15 киллограмм және биіктігі 25 сантимерт болды.

Ұялы байланыс
Заманауи 4G базалық станциясы жүздеген мың құрылғыларды қосады. Тұрақты қабылдауы бар мұндай станцияның деректерді беру жылдамдығы секундына гигабитке жетеді. Шын мәнінде, желідегі пайдаланушылардың хабарламалары бүкіл әлем бойынша миллисекундтарда таралады және салмағы бірнеше гигабайт болатын файлды жүктеп алу бірнеше минутты алады.

Бірақ, оған дейін 0G буыны болғанын естен шығармау керек. Ол өзінің тарихын 1946 жылы бастады. Bell System  компаниясы AT&T операторымен бірігіп іске асырды. Базалық бекеттің салмағы 36 киллограммнан астам болды және VHF диапазонындағы үш арнаны ғана қолдайтын еді. Бірінші желі Сент-Луис қаласында (АҚШ) MTS стандартында 150 МГц жиілікте іске қосылды. МТС желісінде белгілі бір аумақты қамту үшін бір қуатты таратқыш және абоненттік қабылдағыштар желісі пайдаланылды.

Ұялы телефон арқылы біреумен байланысу үшін алдымен тегін арнаны іздеп тауып, телефон компаниясының операторына қоңырау шалып, таңдалған радиоарнаның идентификаторын, өз нөміріңізді және қоңырау шалушы абоненттің нөмірін беру керек болды. Оператор пайдаланушыларды қосты және арнайы түймені басу арқылы кезекпен сөйлеу керек болды. Бір адам айына 30 долларды (бүгінгі бағам бойынша 330 доллар) ай сайынғы төлем ретінде төледі. Одан бөлек сөйлесу ақысын бөлек есептелді.

Бірақ мұның барлығы күнделікті өмірдің айнымас бөлігіне айналу үшін жылдам жұмыс істейтін байланыс технологиялары қажет болды. Олар бірте-бірте пайда болды: 1991 жылы сымсыз байланыстың екінші буыны 2G, он жылдан кейін - 3G, тағы бір он жылда - 4G іске қосылды. Ақырында, бүгінде біртінде әлем 5G қолдана бастады.

Міне, байланыс тарихы осындай.

Т. Есқали