- Негізгі бет
- LifeStyle
- Апта сайын моншаға...
Апта сайын моншаға барса не болады?
Монша – босаңсудың және денеге күтім жасаудың бір әдісі. Моншаға бару көптеген елдің мәдениетінде кездеседі. Моншаға жүйелі түрде барып тұру денсаулыққа жағымды әсер етеді, бірақ басқа да процедуралар секілді оған да қарсыкөрсетілімдер бар. Моншаға жүйелі түрде бару ағзаға қандай әсер беруі мүмкін?
Күйзеліс деңгейі азаяды
Моншаға барудың басты артықшылықтарының бірі – босаңсу. Жоғары температура мен ылғал ауа бұлшықеттерді босаңсытуға, күйзелес деңгейін түсіруге және мазасыздықтан арылуға көмектеседі.
Тері тазарады
Бу мен терлеу қанайналымды жақсартады, ағзадағы уыттардың тері арқылы сыртқа шығуын ынталандырады. Соның нәтижесінен тері тазарады.
Қанайналым жақсарады
Заманауи моншаларда ыстық будан кейін салқын бассейнге түсуге жағдай жасап қойған. Сондай-ақ моншаларда салқын душ орнатылған. Моншадағы мұндай температуралар өзгерісі қан тамырлардың кеңеюіне ықпал етеді. Ал бұл қанайналымды жақсартады және тіндерді оттекпен байытады.
Иммунитет артады
Моншаға жүйелі түрде бару иммунды жүйені қатайтады. Бұл ағзаға жұқпалармен және вирустармен күресуге көмектеседі.
Тыныс алу қызметтері жақсарады
Моншағадағы ылғалдылық тыныс алу жолдарының шырышты қабықшасын жұмсартуға көмектеседі. Бұл тыныс алуды жеңілдетеді.
Алайда моншаға қарсыкөрсетілімдер бар:
- Қарт кісілер мен созылмалы аурулары бар адамдар;
- Артериялық қысымы жоғары адамдар;
- Жүкті әйелдер;
Жоғарыдағы тізімдегі адамдар моншаға барарда міндетті түрде дәрігерімен кеңесуі керек. Сондай-ақ басқа да медициналық қарсыкөрсетілімдеріңіз бар болса, моншаға бару жайлы дәрігеріңізбен сөйлесіңіз.
Ескерту: моншаға алкоголь ішкеннен кейін баруға болмайды, бұл ағзаның одан сайын сусыздануына әкелуі мүмкін.
Жүкті әйелдерге неге түйе етін жеуге болмайды?
А. Жапатова