Әнші Тоқтар Серіков марқұм інісіне жазба арнады

Танымал әнші Тоқтар Серіков ауыр сырқаттан көз жұмған інісіне арнап әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің бауыры ауыр дерттен көз жұмған. Ол қайғылы жайтқа баланың болашағына бейқам қарайтын қоғамды кінәлады.

"Менің аяулы анам мен өзінің сүйікті шөбересі - Мырзәлі. Әжесі қайтқан жаққа шөбересі де қайтты. Қандай ауыр десеңші осылай деп жазу. Алтыным, ағатайлап құшақтап баурап алатын жан бауырым еді. Жастайыңнан жабысқан дертіңе бір мемлекеттің дәрмені жетпеу, арашалап алып қалмау өкініш болып тұр, ботақаным. Сен секілді көзі мөлтілдеген балапандар, біз секілді шырылдаған ата-аналар әлі жетеді. Қайырымы жоқ қоғам, безбүйрек басшылар бұл дүниені қайдан түсінсін. Балапаным, қош бол, сенің дертіңе шипа таппадық. Қорғап қала алмадық, кешір бізді. Сен осындай болашағына бейқам қарайтын қоғамда туылдың. Раббың қабыл алып, әжеңе жеткен шығарсың құлыным. Әжеңе бәрін айт, әжеңмен қорқытушы едің ғой, айт әжеңе қомағай қоғамның қолтырауындары әлі тойған жоқ деп. Алтыным, балапаным, мәңгілік мекенің Жаннат болсын", - деп жазды өнер иесі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз