Әнші Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевпен қарым-қатынасы жайлы алғаш рет айтты

Әнші Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевпен қарым-қатынасы жайлы алғаш рет айтты
Фото: Видео кадры

Kezdesu-дің кезекті қонағы - әнші Сиви Махмуди. Өнер иесі сұхбат барысында Алмас Кішкенбаевпен қарым-қатынасы жайлы алғаш рет айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алмас - досым. 15 жасымнан бері танимын. SuperStar-ға қатысқан кезде ол 17-18-де болды. Ол кезде Шымкентте тұрамын. Ортақ танысымыз таныстырды. 15 жаста баламыз ғой. Балалық махаббат болды. ...Ол кезде Алмастың суретін шығарып, екеуміздің суретімізді қосып, бөлмеме қойып қоятынмын", - деді әнші.

Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевқа алғаш рет өзі хабарласқанын да айтты.

"Құрбымнан нөмірін сұрадым. Алмасқа хабарластым, шошытып алмайын деп "қарындасыңмын, туысқаныңмын, руласпыз, жұмыс істейік, кездесейік" дедім. Солай кездестік, дос болып араласып кеттік. Бала махаббат болды, жүргендей болдық. Кейін дос болып қалу керек екенін түсіндім. Әрі қарай дос болып қалдық. Қазір сол кездерді еске алып күлеміз", - деді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget