- Негізгі бет
- LifeStyle
- шоу-бизнес
Әнші Сейфуллин Жолбарыс өзінен 15 жас кіші екінші әйелімен ажырасып кеткен
Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс пен әйелі Екатерина Жолбарысова 2 жыл бұрын ажырасып кеткендерін растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Сейфуллин Жолбарыс әлеуметтік желідегі парақшасында әйелімен 2 жыл бұрын ажырасып кеткенін жазды.
"Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз 🙏🏼", - деп жазды Сейфуллин Жолбарыс.
Еске салайық, бұған дейін Екатерина Жолбарысова Сейфуллин Жолбарыспен қалай танысқанын айтқан болатын.
"Ол менен 15 жас үлкен ғой. Алғашында қашып жүрдім. Жақын тани бастаған соң ой-өрісін көріп, екеуміз тіл табысып кеттік. 8 жылдан кейін үйлендік. Ал таныстығымызға бір жылдан соң бірге тұрдық. Ол кезде ажыраспаған кезі еді. Кейін ажырасты. Бастапқыда "отбасыңыз бар, ұят болады" деп айтқанмын, бірақ ол "сен болмасаң да, бәрібір ажырасамын" деп айтты", - деді ол.
Алайда жақында әнші Сейфуллин Жолбарыстың әйелі Екатерина Жолбарыс күйеуімен түскен суреттерімен мұңды жазба жариялады. Желі қолданушылары екеуінің ажырасып кеткенін болжаған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова