Әнші Наркенже Серікбаеваның жолдасы өмірден озды. Бұл туралы өнердегі әріптес әпкесі Мақпал Жүнісова әлеуметтік парақшасына жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мақпал Жүнісова әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
"Сіңлім, қайғыңа ортақпын. Жолдасыңның иманы саламат болсын. Алла сабыр берсін өзіңе", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Әншінің парақшасындағы марқұм күйеуімен түскен бейнежазбаға желі қолданушылары да көңіл айтып, пікір жазып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Наркенже Серікбаева бірінші күйеуінен неге ажырасқанын айтқаны жарияланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Үй салуға қанша уақыт кетеді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!