• 498.76
  • 490.7
  • 5.73

Әнші Мәдина Сәдуақасова ел білмейтін құпиясын бөлісті

Әнші Мәдина Сәдуақасова ел білмейтін құпиясын бөлісті
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Әнші Мәдина Сәдуақасова осы уақытқа дейін ешкімге айтпай келген хоббиін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал әнші инстаграмдағы сторисінде хореография залында би қимылын үйреніп жүргенін көрсетті. 

"Тіпті күйеуім де бұл хоббиімді білмеген. Енді сіздер де білесіздер. Менің әлі ашылмаған, айтылмаған сырларым көп", - деп оқырмандарын қызықтырып қойды әнші. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова