Әнші Қыдырәлі Болман ауруханаға түсіп қалды

Әнші Қыдырәлі Болман ауруханаға түсіп қалды
Фото: instagram.com/kydyrali_bolman/

Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болман ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы оның жұбайы, әнші Қарақат Әбілдина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, 20 мамырда Астанада концерт өткізу жоспарланған.

"Соның шаруаларымен, шақыру бар, басқа да сұрақтармен кеше үйде отырғанбыз. Аяқ асты Қыдекең өзін жайсыз сезініп, тынысы тарылғандай болып, қатты мазасы қашты. Бұрын олай ауырғанын көрмеп едім, қорқып кеттім. Дәрігерге жедел келдік. Мамандардың көмегімен шүкір, бүгін жағдайы тұрақталып, беті бері қарады. Алайда Қыдырға кем дегенде әлі 15 күн ем қабылдау керек екенін, сахнаға шығуға болмайтынын түсіндірді... Қыдекеме көз тиді ме, сөз тиді ме, әйтеуір айналдырып кетті. Қайыры, - деп жазды ол.

instagram.com/karakat_a/

Айта кетейік, Қыдырәлі Болман - Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 1996 жылы "АБК" тобының негізін қалаған. Кейін "Ұлытау" тобын құрды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget