Әнші Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіде бірнеше уақыттан бері көрінбей кеткен еді. Өнер иесі қазіргі сәтінен бейнежазба жариялап, жазба қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әлеуметтік желіде пайдасыз контентті азайтатынын айтты.
"2024-тегі алғашқы "жүріп өтуім". Бара-бара мұндай жай "жүрістерден" тұратын контенттерді де қысқартуға ниеттімін , үлкейіп келе жатқанымның белгісі ме, бір Алла біледі...Сіздермен бір амандасып , амандығымды білдірейін деген жүріс қой. Оның үстіне ауа райы да тамаша", - деді ол.
Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасының астына түрлі пікір жазды. "Бәрін ашып көрсетіп, енді оранып, біртүрлі екен", "аяғы ауыр сияқты", "Алла саған қос-қостан ұл берсін", "орамал жарасады", "аяғыңыз ауыр ма", "қиял", "уақыт өзінікін алады" деп жазды әншінің оқырмандары.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!