Әнші Еркеш Хасен қызының 1 жас туған күнін дүркіретіп атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаз барша жақындар мен өнердегі әріптестерінің басын қосып, той жасады. Отбасылық жиында Жазира Байырбекова, Жанболат Ербатыров, Серік Ибрагимов, Назым Әбілдина бой көрсетті. Әнші Еркеш Хасеннің қызы Медина 1 жасқа толды.
"Үйге береке боп келдің",- деп жазды ол.
Жас жұбайлар бір жасқа толған Мединаның туған күнімен қоса тұсаукесерін де өткізуді жөн санаған. Мединаның тұсауын Жазира Байырбекова мен продюсер, Назым Әбілдинаның анасы Ғалия Байбосынова кесті.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Еркеш Хасен әйелі туралы айтқаны туралы эксклюзив сұхбат жазған болатынбыз. Ол сұхбатты сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз