Әнші Ерболат Ержанбаев өзінен 18 жас үлкен Шахизадамен қарым-қатынасы туралы құпияны айтты

Әнші Ерболат Ержанбаев өзінен 18 жас үлкен Шахизадамен қарым-қатынасы туралы құпияны айтты
Фото: instagram

Әнші Ерболат Ержанбаев өзінен 18 жас үлкен Шахизадамен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең алдымен әнші үш жылдай сахнадан алыстап кетуінің себебін түсіндірді. 

"2020 жылы әкем өмірден өтті. Үш жылдай мүлдем ән айтқан жоқпын. Тойға да, концертке де бармадым. Сұраныс  көп болды. Бірақ өзім жеке кәсіппен айналысып жүрдім", - дейді әнші Alatau TV телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, әнші Шахизадамен қарым-қатынасы туралы айтты.

"Мен ақталмай-ақ қояйын. Менде "Қазақ қызы" деген әнім бар. Бәріне топырақ шашпаймын әрине, бірақ бір жылдары әлеуметтік желіде жалаңаштанып кеткен қыздар көбейіп кетті. Сол кезде Мақсат Ынтықбаев деген бауырымызға ән тапсырыс бердім. Сөзін жаздық, керемет шықты. 2022 жылдың ақпан айында болу керек, Қытайдан келген кісілер концерт ұйымдастырды. Менен сол әнді айтып беруімді сұрады. Сол кезде әнші Жеңіс Ысқақова хабарласып, өнер көрсетуімді сұрады. Сол концертте Шахизада әпкеміз болды. Ол кісілерді көптен бері көрмей, сағынысып, құшақтасқанда суретке түскенбіз.

Бірақ Жеңіс әпкеміз "Ерболат, үш жылдай болды сахнаға шықпағаныңа, тойда да көрмейміз сені, неге шықпай жүрсің? Әпкең бойдақ қой, хайп жасай салсай" деді. Ондай нәрсе өмірімде істеп көрмегенмін, қалай болар екен дедім. Қасында мобилограф қыздар ұйымдамтырып, видеоға түсірді. Содан кейін әнші қыздың үйінде қонақта болдық. Сол кезде де видео түсіріп салды. Үйдегілерге осындай хайп жасайын деп жатыр, қалай болады екен дедім. "Жасай бер, ештеңесі жоқ" деді. Ертесіне өмірі хабарласпаған адамдар хабарласып кетті. Солай ойламаған жерден шығып кеткен нәрсе", - дейді әнші.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz