- Негізгі бет
- LifeStyle
- Әнші Бейбіт Қорған...
Әнші Бейбіт Қорған халықтан кешірім сұрады
Әнші Бейбіт Қорған халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің орған Instagram-дағы Stories-те айтты. Ол Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өткен концертке үлгермей қалғаны үшін ағайын, туыстарынан кешірім сұрады.
© фотоскрин/instagram.com/beibitkorgan
"Ассалаумағалейкүм құрметті ағайын, туысқандар! Өте қатты кешірім сұраймын, міне, жолда кетіп бара жатырмын. Филармониядағы болатын концертке үлгере алмай қалдым, кешірім сұраймын. Әлі де алда талай концерттерде бұйырса жолығамыз деп қолымнан келгенше уәдемді беремін. Алла разы болсын! Амандықта жолығайық. Мен үшін алтын уақытыңызды бөліп, келгендеріңізге Алла разы болсын деймін және басымды иемін. Шын жүректен рахмет", - деді Бейбіт Қорған.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің не себепті сахнадан көрінбей кеткені туралы жазған болатынбыз. Оны осы жерден оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы