Әнші Баянсұлу мен композитор арасындағы даудың нүктесі қойылды

Жуырда әнші Баянсұлу Сағындықованың хит әндерін жазған композитор Қуат Әбілов әлеуметтік желіде халыққа үндеу жасаған еді. Ол өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбегенін мәлімдеді. Екі тарап осы даудың соңы немен аяқталғанын ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ел алдына шығып, үндеу жасаған қос тарап келісімге келгенін мәлімдеді.

"Баянсұлу қарындасымызбен туындаған мәселеге байланысты даудың нүктесін қойдық. Барлығы орнында. Өзара келісімге келдік. Бір-бірімізге өкпе-ренішіміз жоқ", - деді композитор Қуат Әбілов.

Баянсұлу Сағындықова да бұған дейін дау тудырған әндер енді өзіне тиесілі екенін мәлімдеді.

"Өнердегі ағалардың ақылымен, көмегімен екі жақ келісіп, бұл мәселе шешілді. Әндердің ақысын төлеп, сатып алдым және әндер енді менікі. ...Біреулер бұл жағдайды "хайп" деп жатса, біреулер қуанып жатыр. Кім не ойласа да, Құдай бәрін көріп тұр, Құдай әділ. Әркімнің өз ойы бар", - деді әнші.

instagram.com/bayansuuluu/

Мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін Баянсұлу Сағындықованың хит әндерін жазған композитор Қуат Әбілов әлеуметтік желіде халыққа үндеу жасап, өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбегенін мәлімдеді.

Кейін әнші осы айыптауларға жауап берді. Өнер иесі ақы төлеуге дайын екенін, алайда арада келісім бұзылғанын айтты.

Баянсұлу Сағындықова "Ұмытсам да", "Сондайым бар енді", "Ауа райы", т.с.с. әндерді орындайды. Бұған дейін жас әнші арнамызға эксклюзив сұхбат берген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!