Әнші Алмас Кішкенбаевтың соты басқа күнге ауыстырылды

Жақында әлеуметтік желілерде ауыр айып тағылып, полицияға жеткізілгені айтылған әнші Алмас Кішкенбаевтың соты басқа күнге ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Сот өтті, бірақ іс қаралмады, басқа уақытқа кейінге қалдырылды. Процесс жабық болғандықтан, біз отырыстың неге кейінге қалдырылғанын білмейміз", - деді соттың баспасөз қызметі.

Жақында Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша оған 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

Әншіге қандай айып тағылды?

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаев оқушыға тиісті деген ақпарат тарады. Kozachkov offside Telegram-арнасында полицияға курьер болып жұмыс істейтін баласына Кішкенбаев есімді адам тиіскенін айтқан ер адамнан арыз түскені жазылды.

"2007 жылғы жігіт кешкі сағат 21.00-ге таман көрсетілген мекенжай бойынша үш сыра әкеліп тастауға тапсырыс алған. Ол дүкеннен сыраларды алып, оны тапсырыс берушіге апарып берген. Содан соң түсініксіз нәрсе болған. 17 жастағы жігіттің айтуынша, сыраны 40 жастағы ер адам алдыртқан. Ол алкогольді алған соң, курьерге бірге ішуді ұсынған. Содан соң ер адам 11-сынып оқушысының интимді жерін ұстағысы келген. Курьер бірден үйіне барып, әкесіне айтқан. Ал әкесі құқық қорғау органдарына барған. Полиция қызметкерлері арызда баяндалған дәлелдерді тексеру үшін сыраға тапсырыс берушінің пәтеріне барып, оны бөлімшеге жеткізді. Ер адамның аты - Алмас Кішкенбаев", - деп жазылған жазбада.

Полицияның пікірі

Кейінірек Алматы қаласының полиция департаменті Massaget.kz тілшісіне осы жазбаға қатысты жауап берді. Алайда полиция айыпталушының аты-жөнін ашып жазбады. 

"Әкесінің кәмелет жасына толмаған ұлына тиіскені туралы арызы бойынша тексеру жүріп жатыр. К. есімді азамат барлық мән-жайды анықтау үшін полицияға жеткізілді", - деп жауап берді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі бұған дейін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!