"Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақжол Мейірбеков - "Дос-Мұқасан" ансамблінің құрамында әнші болып, Бүкілодақтық, дүниежүзілік және халықаралық фестивальдар мен байқауларға қатысып, лауреаты атанған.
Кейіннен Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінің әншісі болды. 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.
Бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!