Садраддин Болаттың әндері бүгінде бірінен соң бірі хит болып жатыр. Тіпті тыңдармандары әр әннің сөзінен ерекше астарлы мән іздейтін көрінеді. 10 мың көрерменнің басын бір аренаға жинап, жеке ән кешін өткізген жас талант Садраддин туралы не белгілі? Massaget.kz тілшісі шолу жасап көрді.
Өнерпаз қазір 24 жаста. Шымкенттің тумасы Алматы қаласында отбасымен бірге тұрады. Анасы өнерден кенде емес қобыз мамандығында тәлім алған. Әкесі туралы көп жәйттар белгісіз. Артынан ерген інісі және қарындасы бар. Садриддин 5 жасынан бастап түрлі халықаралық байқауларда ән айтып келеді. Бұдан бес жыл бұрын "Бала дауысы" байқауына қатысып, сонда бас жүлде иеленгендер қатарында болған.
© instagram.com/sadraddinn
"Шеше тәрбиесінде, көше тәрбиесінде көріп өстім. Бірақ көше тәрбиесіне көп қалып қоймау керек секілді. Себебі ол жақта көп қалып қойсаң жаман әдетке, басқа жаққа бет бұрып кетуің мүмкін. Менің анам өнерден кем емес. Менің қолымда ән жазуға домбыра, гитара, фортепиано болса, анамның қолында қобыз. Менің көптеген әндерім бірінші анамның алдынан өтеді содан кейін қалың көпшілікке жол тартады".
Әкем жайлы әнмен жеткіземін
"Уақыты келгенде әкем туралы әңгімені әнмен жеткіземін. Әкеме ешқандай ренішім жоқ. Уақыты келгенде айтылады" дейді әнші.
Әнші Садраддин Аман Тасығанға берген сұқбатында әкесі туралы айтты.
"Әкеммен бір шаңырақ астында тұрдым. Әке тәрбиесін көрдім деп айта аламын. Бірақ ер бала әкесінен қарағанда анасына жақын болады деп жауап берейін. Анам кәсіби музыкант болғандықтан, әндерімді сол кісінің пікірімен санаса отырып жазамын. Әкем музыкант ретінде қолдаған жоқ. Басқа маман болғанымды қалады. Ал мен өнерден басқа дүниемен айналыса алмайтынымды білгенмін. Халыққа өнерімді көрсетемін деген кішкентай кезімнен арманым бар. Әкемнің тағдырын қайталаудан қорықпаймын, бірақ өзіме тілемеймін".
Әншінің сөзінше, анасы кішкентайынан оның тәрбиесіне ерекше ден қойған. Үйдің тұңғышы болғандықтан, ересек адам сияқты қарап, тіпті маңызды шешімдерді Садраддиннің өзіне қабылдатқан. Сондай-ақ, дүниеге келгенінен бастап, Ұлы ақын Абайдың анасының ізімен жүруге тырысқан.
Анам мені дәретсіз емізбеген
© instagram.com/sadraddinn
"Анам маған жиі айтып отыратын Ұлы ақын Абайды анасы дәретсіз емізбеген, сондықтан осындай ойшыл адам болып өсті" деп. Мені де анам менің тәрбиеме өте қатты көңіл бөлді, әкеме қарағанда анамның тәрбиесі басымырақ болды. Ол да мені дәретсіз емізбеген. Сондықтан анамның тәрбиесіне жалпы анама жақынмын".
Анама пәтер сыйладым
© instagram.com/sadraddinn
"Ол өзімнің табан ақы, маңдай терім. Мен ойлайтынмын 25-ке келіп, тойға шығамын содан кейін әперемін деп. Бірақ Алланың қалауымен 2-3 жылда орындалды. Оған мен тез жеттім. Бала күнгі арманым, ақ пейілім. Ақша блогерлік, әншілік, ән жазу, ән сату, жарнамамен келді бірақ ішінде той жоқ. Анама пәтердің кілтін табыстадым, шүкір".
11 миллион теңгеге алдандым
"Блогерлермен ортақ таныстар бірақ нақты блогерлер емес. Олардың қаншасы құрбан. Анам мүлде ондай нәрселерге сенбейді. Бұл жерде менің досыма деген сенім. Досыма сендім және минус 11 миллион теңге. Көлік сатып алдым, анамда басында қарсы болған бірақ артынша алсаң ал өзің тауып жатқан ақша деп. Бірақ менің өмірімдегі үлкен сабақ болды және мен оған өкінбеймін. Керісінше маған үлкен сабақ болды".
Айта кетейік, әнші Садраддин Болат Алматы қаласында 10 мың жанкүйердің басын бір аренаға жинап ерекше жеке ән кешін өткізді. Танымал тележүргізуші Шахкерім Кәрмен әншінің "Түн" әнінің сөзі туралы пікір білдірді. Садраддин Болат Massaget.kz тілшісіне берген эксклюзив сұқбатта концерті, табысы туралы айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!