- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Анам мен әкемнің...
"Анам мен әкемнің өз бөлмесі болса екен". Ырысбала Икрамбай тағы бір мұқтаж отбасына пәтер сыйлады
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай тағы бір мұқтаж отбасына пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Ырысты армияның 91-баспанасы дайын. Көптің атынан табыстаймыз. Аядай ғана жалдамалы бір бөлмеде 5 баламен өмір сүріп жатқан отбасының енді осындай әдемі үйі болады, ешкімге ештеңе төлемейді, қашан балаларың шулады деп шығарып жібереді деген қорқыныштан бір жола арылды .Өз үйім - хан сарайдай бөз үйім деп балалар аунап-қунап өмір сүреді. Қазақтың жерінде үйсіз қазақ қалмасын", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жақсылыққа жаны құмар Ырысты армиям, мынау - сіздің 91-баспанаңыз. Моншасы, сыртта дәретханасы бар. Барынша жоғын түгендеп, жыртығын жамадық. Бір отбасыға қажет ыдысаяқ. Кішкене бүлдіршін "анам мен әкемнің өз бөлмесі болса екен" деген. Мынау - балапанның арманы", - дейді ол видеода.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек