Желіде өзінен 5 жас кішкентай жігітке тұрмысқа шыққан қыз көпті шулатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақерке Болат есімді Instagram-қолданушысы парақшасында күйеуімен таныстығы туралы видео жариялаған. Видеода жұптың жас айырмашылығы 5 жас екені, қыз алғашында жігітке "тұрмысқа шықпаймын" деп нақты айтқаны айтылады.
"6 жылдан асыпты таныстығымызға. Әуелі барлығы бір салада жұмыс жасаудан басталды. Өсе келе дос болдық. Бірақ қыз бен жігіттің арасында достық болмайды екен. Мен қарамаймын, тимеймін деп кесіп айтпаңыздар. Жасамаймын деген нәрсені Аллаһ шыр айналдырады екен. Барлығы Алланың қалауымен", - деп жазды ол.
Алайда Желі қолданушыларының назарын ерлі-зайыптының жас айырмашығы емес, жігіттің сырт көзге әлдеқайда кіші көрінетіні аударды. Олар жазба астына түрлі пікір қалдырған.
"Бірінші суретте кішкентай, аяғы әлі жерге тимей отыр ғой", "Сонда бала қай жылғы? Жасы нешеде?", "Сол бала ма?" деп бірінші суретті қайта-қайта қарадым ғой", "Осы уақытқа дейін өзің тәрбиелеп алған шығарсың", "Қорқайын дедім", "Жігіт көз алдында өсіпті ", "2018 жылы бөпе ғой", "Көз алдымда өстің ғой" деп сеніммен айта алады", "Қыздар, обал деген сөздің мағынасын, мәнін білесіңдер ме? Ұят болады, обал болады деген сөздермен тәрбиеленген қазақ деген халықтың балаларымыз... Ата-ана, әже,ата, ағаларың, әкпелерің бар ма? Ана сүті аузынан әлі кеппеген сәби ғой.... Заман дейміз.... Адам ғой бұзылған....", "Жас жігітке тию қазір сән ғой", "Қайта өзің тәрбиелеп аласың", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Зиратқа барғанда не істеуге болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!