“Әні-міні“. Нұрболат Абдуллиннің видеосы желіде бірден танымал болды

Танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің Каспий теңізінің жағасында түсірген видеосы желі қолданушылары арасында бірден танымал болып үлгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тіпті, оның видеосын қайталап түсіріп, бөлісіп жатқандар да бар. 

"Міні мынау Ақтау. Әні анау Каспий. Әні ананың бәәрі Каспий", - дейді әнші танымал болып кеткен видеосында. 

Әншінің "Міні-әні" деген жазбамен жариялаған видеосы TikTok желісінде танымал болған әзілдің аясында түсірілген екен. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтып берді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!