Америкалық азамат Қарағандыдан туған ата-анасын іздейді

Америкалық азамат Қарағандыдан туған ата-анасын іздейді
Фото: facebook.com

Әлеуметтік желілерде бала кезінде америкалық отбасы асырап алған Қазақстанның тумасы биологиялық ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат пайда болды. Бұл жазбаны оның жұбайы Facebook-тегі Kazakh American Association қауымдастығына жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазба авторының айтуынша, оның күйеуінің есімі - Николас Пикколо. Ол 1998 жылы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Туған кезде оған Руслан Өмірзақов деген есім берілген.

Шанель Пикколоның айтуынша, күйеуі бала кезінде Қарағандыдағы "Сәби" балалар үйінде тәрбиеленген. Оның айтуынша, мекеме "Шапағат" деп те аталуы мүмкін, алайда қолдарында нақты ақпарат жоқ.

"Бұл жазбаны күйеуім Николас Пикколо өзінің биологиялық ата-анасын іздегендіктен жазып отырмын. Ол 1998 жылы 26 қарашада Қазақстанның Қарағанды қаласында дүниеге келген", - деп жазылған жазбада.

Әйелдің айтуынша, жұбайының өткен өмірі туралы көп мәлімет сақталмаған. Бала 2003 жылы 19 қаңтарда асырап алынғаны ғана белгілі.

Ол кез келген көмекке риза болатынын айтып, қандай да бір ақпарат білетіндерден өздерімен байланысуды сұрады.

Threads

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget