Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі сыннан кейін Сәкен Майғазиевпен алыстан амандасатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Ассалаумағалейкум! Алдында бір видеода, Сәкен ағам қолымнан ұстап биік текпешектен каблукпен төмен түсуіме көмектескенде, біразы ұрысып еді, "ер әйелдің қолынан ұстамауы керек!" - деп. Енді осылай алыстан амандасатын болдық!", - деп жазды Мөлдір Әуелбекова кеудесіне қолын қойып, басын иіп сәлем беріп жатқан видеосын жариялап.
Сәкен Майғазиев те әншінің қолын алмай, алыстан ілтипат білдірген.
"Дұрыс па? Бұрыс па? Қалай өзі? Сіздер, ер мен әйел қалай амандасыздар?"Бет сүйісіп, құшақтасып қой, иә?", - деп жазды Мөлдір. Әуелбекова.
Әншінің видеосына Ғазизхан Шекербеков "Мен сүйісіп амандасам, ұят, иә?" – деп пікір қалдырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!