Танымал әнші Алтынай Жорабаева 46 жасқа толған туған күнін тойламай, құрбысы Құрманай Бақтиярқызының жаназасына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Құрманайымыз Раббысына қайтты. Алла алдынан жарылқасын. Жаның жаннатта болсын, Жанысымның анасы. Туған күнімде осындай суыт хабар естіп, мең-зең болып қалдым", - деді ол.
Айта кетейік, ақын Құрманай Бақтиярқызы "Алматының түндері-ай", "Толғанай", "Вокзалда қауышқан қыз" атты әндердің сөзін жазған. Жақында қайтыс болған өнер иесі туған жері Қазығұрт ауданында жерленді.
Құрманай Бақтиярқызын қазақ эстрадасының жұлдыздары ақтық сапарға шығарып салды. Олардың қатарында туған күнін тойламай, жаназаға барған Алтынай Жорабаева да бар.
"Құрмашым менің! Бірде Алланың қалауымен, бүкіл халықтың дұғасымен бас көтеріп, қайтадан ортамызға оралып едің. Осы жолы комаға түсіп қалғаныңды байқамай қалдық. Алланың қалауы болды. Туған күніме қарамастан, өзіңмен қоштасуға жол тарттым", - деп жазды әнші.
Алтынай Жорабаева ақынның қызы Әминаға арнап шығарған өлеңін жариялап, құрбысын есіне алды.
"Құрмаш екеуміздің WhatsApp-та соңғы сөйлескеніміз осы екен. Әминаға өлең арнап, 16-қараша жеке шығармашылық кешін жоспарлап, қайтадан жасамайтыны жайында осылай сөйлесіппіз. Бақұл бол. Әрқашан жүрегіміздесің, жарқыраған жарық жұлдызымыз. Аллам, Құрманай Бахтиярқызының біліп-білмей жасаған қате, күнә, кемшіліктерін кешіре гөр", - деп жазды Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, бұдан бұрын 200-ден астам хит әннің авторы Құрманай Бақтиярқызының қазасын басқа өнер адамдары қалай қабылдағаны туралы жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!