- Негізгі бет
- LifeStyle
- Алтынай Жорабаева бесінші...
Алтынай Жорабаева бесінші перзентін дүниеге әкелді
Әнші Алтынай Жорабаева бесінші перзентін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақын Айнұр Тұрсынбаева сүйінші сұрап жазды.
Алтынай Жорабаеваны әнші Қарақат Әбілдина да құттықтады.
Бұған дейін Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде отбасылық суретін жариялап, сәбиін күтіп жүргенін жазған болатын.
"Баршаңызды келе жатқан жаңа 2024 жылмен құттықтаймыз. Жаңа жыл құтымен, берекесімен келсін. Әр шаңыраққа Алла бақ, береке, иман байлығын, денсаулықтың байлығын, дүниенің байлығын берсін. Алла қаласа 2024-те отбасымызға Әлішерұлы немесе Әлішерқызы қосылады. Дені сау, ғұмыры ұзақ болатын бөпе келсін ең бастысы. Балапаным осы 2023 жылды өткізіп, 2024-те дүниеге келеді-ау деп отырмын. Сіздерге сүйіншілейтін күнімді мен де күтіп жүрмін. Алла сол күнге аман-есен жеткізсін", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұл - оның екінші некесі. Бұған дейін әнші танымал актер Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шыққан еді. Олардың қыздары бар.
А. Жапатова