Алты қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Алты қаланың тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"3 ақпанда Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Еске салайық, 2 ақпанда да бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget