Танымал әнші Құдайберген Бекіш "Ұйқым келмейді" бағдарламасында отбасы, сүйікті жары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, жұбайымен шаңырақ көтергеніне 40 жыл болған.
"Қырық жыл болыпты үйленгенімізге. Көріп жүретінмін, бір күні шелекпен су алып тұр екен. "Қарындас, мен көтерісейін" деп жай көтерісіп бардым. Үйіне бара бергенде қолым дірілдей бастады. Содан танысып кеттік. Ол кісінің аты - Жанна. Содан достастық. Әдемі шай берді маған. Ол кезде қыздардың қолынан шай ішу деген... Сөйтіп махаббат қойсын ба?! Жәкеңе үйленіп алдым. Құдайға шүкір, аман-есен жүре берейік", - дейді өнер иесі.
Әнші ұзақ уақыт бала бола алмағандарын да жеткізді.
"Алты жылға дейін бөпе болмады бізде. Бір жағдайлар болды. Тәуекел деп Мәскеуге барып оқыдым, бір жағынан сол кісіне емдеттік, өзіміз емделдік. Содан кейін Мәскеуде бөпеміз пайда болды. Аллаға шүкір", - деді әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!