Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы және тағы бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"12 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, кеше Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасалды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!