1 мамыр, бейсенбі күні Алматы қаласының Жетісу ауданында "Қазақстандағы ең ұзын лағман" әзірлеу шарасы өтеді. Шара барысында елдің жаңа рекорды тіркеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Игі бастама Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау және көпэтносты қоғамдағы достықты нығайту.
Лағман – түрлі ұлт өкілдері сүйіп жейтін тағам. Сол себепті бұл рекорд ортақ мәдени мұрамыздың символына айналмақ.
Шараны Жетісу ауданындағы этномәдени орталықтар ұйымдастырып отыр. Рекорд Қазақстан рекордтар кітабы өкілдерінің қатысуымен ресми түрде тіркеледі.
"Өтетін орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ шағын ауданы, №179 спорттық-сауықтыру кешені (ФОК "Айнабұлақ"). Басталуы: 2025 жылдың 1 мамыры, сағат 12:00. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл ерекше шараға қатысуға және жаңа рекордтың куәсі болуға шақырылады", – делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Бақдаулет