Алматыда Гиннес рекордтар кітабына ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, "Қазақ аналары" әжелер қауымдастығы ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақ дайындауға кіріскен. Жоба нәтижесі Гиннес рекордтар кітабына ұсынылмақ.
"Сырмақ дәстүрлі басу және тігу технологияларын сақтап, толық қолмен жасалып жатыр. Ою-өрнекте қазақы нақыш пайдаланылып, әр тұсында ұрпақ сабақтастығы, қолөнерге деген құрмет пен ұлттық мұраны сақтауға деген ұмтылыс көрініс табады", - деп жазылған хабарламада.
Сырмақ 21 наурыз - Наурыз мерекесіне орай аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!