19 ақпанда Алматыда ауа райы ерекше жылы болды. Қалада ауа температурасы +23 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктер мұндай көрсеткіш ақпанға тән емес екенін айтып, қалада температура рекорды жаңарғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, Алматыда ақпанда мұндай жылы күн бұған дейін 2021 жылы тіркелген, ол кезде +16,3 градус болған.
"Алматы метеостанциясында +22,8 градус тіркелді. Бұл - жаңа рекорд. Абсолют максимум жаңарды", - деді синоптиктер.
Алайда мегаполистегі жылымық ұзаққа созылмайды. 20 ақпаннан бастап ауа температурасы қайта төмендейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз