Алматыдан Ташкентке қатынайтын пойызда әйелдер вагоны іске қосылады

Ұлттық тасымалдаушы Алматы - Ташкент халықаралық бағытында әйелдер вагонын іске қосады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 қазаннан бастап алғаш рет №1/2 Алматы - Ташкент халықаралық пойызының құрамына әйелдер вагоны қосылады.

"Бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Әйелдер вагоны іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан аса жолаушы пайдаланды", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Қазір пойыздар күн сайын қатынайды:

  • Алматы станциясынан жөнелтілуі - cағат 19:05;
  • Ташкент станциясына жетуі - сағат 12:53 (Ташкент уақытымен);
  • Ташкент станциясынан жөнелтілуі - сағат 14:41 (Ташкент уақытымен);
  • Алматы станциясына жетуі - сағат 08:51.

Жаңа вагон іске қосылуына байланысты әйелдер вагоны қолжетімді бағыттар саны 14-ке жетеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!