Алматыда танымал блогер кенет көз жұмды: қайғылы оқиғаның себебі қызу талқыланып жатыр

Әлеуметтік желіде блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның өлімі қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова қайғылы оқиғаға қатысты жазба жариялады.

"3 күннен бері Сәуле сіңілім әрі құрбымды салып жатқаным: қуанған да, қайғырған да сәтімізді де жасыра алмайтынымыз рас, сіздермен бөлісеміз. Екі түн мүлдем ұйықтай алмадым, "Гүлеке" деп ыржиып кіріп келіп қалатындай, қоңырау соғатындай. Ташкентке концертке құда-құдағайларымызбен бірге барып, әрі қарай бірге демалыс орындарына барып демаламыз деп, келісім бойынша Шымкентке демалыс ұйымдастырып, ертерек ұшқанбыз. Ұшақ қонғаны сол - қаншама қоңырау. Құрбыларым да, бала-шағам да суық хабарды естіп, тоқтамай хабарласа берген. Жаным тыныш таппай, қонақтарымды тастап, қайта ұшып кеттім. Ең болмаса жер қойнына Сәулешімді жерлемей тұрып, көзіммен көргім келді. Үйіне бардым, кірдім, көрдім, моп-момақан болып ұйықтап жатыр, өзі де өте сабырлы еді", - деп еске алды ол.

Желіде жарияланған осы жазбаға жұрт жаппай көңіл айтып жатыр. Желі қолданушылары Сәуленің Instagram парақшасын бақылап жүргенін айтып, оны "күн сияқты сәулесін шашып тұратын", "мейірімді" әрі "қарапайым адам" деп сипаттаған.

"Өте әдемі әрі жарқыраған жан еді", "Әлі де сене алар емеспін", "Оқырмандарына әрдайым жауап беретін", "Өте ашық адам болатын", "Жас еді", "Көңіл айтамыз", "Сәуле өте кеңпейіл, қарапайым жан еді. Студент кезде ұстазым болған", - деді олар.

Кейбір желі қолданушылары оны стоматолог, кәсіпкер әрі оқытушы ретінде жақсы танығанын жазған. Айта кетейік, оның Instagram парақшасына 1 миллионнан аса адам жазылған.

Әлеуметтік желіде блогердің өліміне қатысты түрлі болжам айтыла бастады. Кейбір желі қолданушылары "қайғылы жағдай пластикалық отамен байланысты болуы мүмкін" деген де пікір айтқан. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады. Құзырлы органдар әзірге пікір білдірмеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз