Алматыда полиция Қайрат Нұртастың концертіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті

Алматы полициясы Орталық стадиондағы концерт алдында қауіпсіздік шараларын күшейтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлер Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Кептелістің алдын алу мақсатында Абай даңғылы - Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелері қиылысында көлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

"Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі - біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауын орындаңыздар", - деді ІІМ өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!