Алматыда қайтыс болған әйел алты адамның өмірін сақтап қалды

Алматыда қайтыс болған әйел алты адамның өмірін сақтап қалды
Фото: gov.kz

Алматыда көз жұмған әйел донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана базасында қайтыс болғаннан кейін донордан ағзалар алынған.

gov.kz 

Донордың туыстарының келісімінің арқасында бірден бірнеше маңызды ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік туған:

  • жүрек 1988 жылы туған науқасқа;
  • бауыр 1982 жылы туған науқасқа;
  • оң жақ бүйрек 1996 жылы туған науқасқа;
  • сол жақ бүйрек 1966 жылы туған науқасқа;
  • мөлдір қабық 1983 және 1956 жылы туған науқастарға ота арқылы салынған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget