Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, 14 тамызда Орталық стадионда Канье Уэстің концерті өтуіне байланысты бірқатар автобус пен троллейбус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Орталық стадион маңында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі:
Cонымен қатар, қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді: №3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211, 224-автобус бағыттары және №ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19, ТП25-троллейбус бағыттары.
Іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтарды қаланың алты бағыты бойынша 60 тегін шаттл тасымалдайды. Көрермендерге қолайлы болу үшін автобустар Орталық стадионнан мына бағыттарға қатынайды:
Сонымен қатар, қоғамдық көлік пен метрополитеннің жұмысы күшейтіледі. "Байқоңыр" метро бекеті сағат 21:00-де жолаушылар үшін жабылады.
Концертке келушілерге "Абай" және "Мұхтар Әуезов атындағы театр" бекеттерін пайдалану ұсынылады. Метро жұмысы кемінде сағат 01:00-ге дейін, ал қажет болған жағдайда 03:00-ге дейін ұзартылады.
Қауіпсіздік қызметтерінің шешімі бойынша кейбір жол учаскелері ертерек жабылуы мүмкін. Оқиға орнында Полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілік атқарып, жол қозғалысын бақылайды және көлік кептелісінің алдын алуға көмектеседі.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына бағытын жоспарлауға, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануға және қала орталығындағы көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеуді ескеруге кеңес берілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!