- Негізгі бет
- LifeStyle
- Алматыда жойқын жер...
Алматыда жойқын жер сілкінісі болатынын мәлімдеген блогер ақпаратты қайдан алғанын айтты
Алматыда 15 қаңтарда жантүршігерлік жер сілкінісі болатынын айтқан блогер Александр Савельев бұл ақпаратты қайдан алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан. Оның сөзінше, блогер Алматыда жер сілкінісі болатынын саңырауқұлақтар арқылы білген.
"Айта кетейін, тікелей эфирлерде мен айтатын нәрсе - фантастикалық кітаптың сценарийі, мен фантаст жазушымын (...) Мен өз қызметімнің міндеті бойынша пайғамбармын және епископпын, мен өсімдік-мұғалімдермен қарым-қатынас жасау арқылы алған көзқарастарым негізінде қорытынды жасаймын. Әрі қарай, біздің ретрит орталықтарымызға жылдар бойы мыңдаған адам келіп, емделеді, барлық адамға параллель саңырауқұлақтардан белгілі ақпарат келіп тұрады", - дейді блогер.
Ол БАҚ өкілдері мен сейсмологтарды айыптап, Қазақстан билігінен Бурабай мен Текеліден "институт" құруға орын беріп, саңырауқұлақтарды зерттеу жұмысымен айналысуға рұқсат беруді сұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, өткен аптада әлеуметтік желілерде алматылықтарды "15 қаңтарда болатын жойқын жер сілкінісіне байланысты ертерек эвакуациялау" шақырған видеолар тарады. Кейінірек қазақстандықтар да осыған ұқсас аудио хабарламаларды мессенджерлер арқылы тарата бастады.
Артынша бұл ақпаратқа қатысты сейсмологтар мәлімдеме жасады. Сейсмологтардың болжамына сәйкес Алматыда 10 қаңтардан 17 қаңтарға дейін жойқын жер сілкінісі болмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина