Балалар – біздің болашағымыз. Балалар – мейірімділік символы. Оларды бақытты ету үшін ата-ана қолынан келгенінің бәрін істеуге тырысады. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн ата-аналар мен балалар үшін уақытты отбасымен бірге көңілді өткізуге бір себеп. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Massaget.kz тілшісі Алматы қаласында балалармен бірге баруға болатын саябақтар мен ойын-сауық орталықтарына шолу жасады.
Fantasy World Park
Бұл паркте отбасымен бірге қызықты уақыт өткізуге және достарыңызбен көңіл көтеруге болады. Парк тек жылы айларда - наурыздан бастап қазанға дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ парктегі кей аттракциондар ауа райы шарттарына байланысты, мысалы жаңбыр жауғанда жұмысын уақытша тоқтатуы мүмкін. Fantasy World Almaty паркінде 9 экстремальді аттракцион, 16 отбасылық аттракцион және 16 балалар аттракционы бар. Сондай-ақ оның ішінде бірнеше кафе жұмыс істейді. Паркке бір рет ақша төлеп кіріп, оның ішінде аттракциондарға шектеусіз отыра аласыз.
Fantasy World Park-ке кіру бағасы:
Family Park
Family Park саябағы - Алматыдағы танымал отбасылық демалыс орындарының бірі. Саябақ аумағында 30-дан аса аттракцион, кішігірім зообақ, кафелер, боулинг-орталық, балалар мен ересектерге арналған картинг бар. Бұл паркке кіру тегін, алайда әр аттаркционға отыру үшін жеке-жеке ақша төлейсіз: 600 теңгеден бастап 1 800 теңгеге дейін.
Орталық демалыс паркі (Горький парк)
Парктің орталығында аттракциондар орналасқан. Олардың бағасы әртүрлі: 400 теңгеден басталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аттракциондарда баланың жасы мен бойына байланысты шектеу бар. Ата-ана 2 жасқа толмаған баланы өзімен бірге алып отыра алады, ал 2 жастан асқан бала үшін бөлек билет алу керек. Сондай-ақ парктің ішінде көл бар. Жалға катамаран немесе қайық беріледі. Саябақтың ішінде велосипед пен скейт тебуге арналған алаң арнайы алаң бар.
Nasledniki балалар ойын-сауық саябағы
Nasledniki паркінің Алматыда 3 филиалы бар. Nasledniki паркіне 3000 шаршы метрден аса ойын аумағы, отбасылық мейрамхана, аттракциондар және батут кіреді. Оның әр филиалы әртүрлі стильде жасалған. Олардың ішінде аниматорлармен түрлі шоулар ұйымдастырылып тұрады.
Nasledniki балалар ойын-сауық саябағына кіру бағасы:
Jungle Park ойын-сауық саябағы
instagram.com/jungle_park_kz
Паркте балалар аттракциондарда ойнай алады, сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен кездесе алады және қызықты мастер-кластар мен квестерге қатыса алады. Парктің отбасылық кафесі де бар.
Jungle Park балалар ойын-сауық саябағына кіру бағасы:
TeikaBoom by Ksenia Borodina ойын-сауық орталығы
TeikaBoom – балалар ойнайтын аумағы және тамақ ішетін жері бар отбасылық орталық. Онда түрлі мастер-кластар ұйымдастырылады. Алайда оған ақша (2 000 теңгеден басталады) бөлек төленеді.
TeikaBoom by Ksenia Borodina ойын-сауық орталығына кіру бағасы:
Alem Kids балалар ойын-сауық орталығы
Alem Kids ойын-сауық орталығында балалар сырғанайды, лабиринтке кіреді, экологиялық құмда ойнайды және мастер-кластарға қатыса алады. Ақша төлеп, бала күтуші жалдауға да болады.
Alem Kids паркіне кіру бағасы:
Aspan park
Бұл ойын-сауық паркінің аумағы - 3 000 шаршы метр. Бұл жерде балаларға арналған өрмелеу қабырғасы, сырғанағыш, балалар қалашығы, арқан алаңы, автодром, үрмелі батут, лабиринт, футбол алаңы және ойын автоматтары (300 теңгеден бастап) бар. Тамақ ішіп алуға болатын кафесі де бар.
Aspan park ойын-сауық орталығына кіру бағасы:
Аватария ойын-сауық орталығы
Аватарияның Алматыда 4 филиалы (әр филиалда кіру бағасы әртүрлі) бар. Парк әртүрлі аумаққа бөлінген: бұл жерде батутта секіруге, сырғанауға және көңілді аниматорлармен ойнауға болады. Сондай-ақ оның ішінде ойын автоматтары бар. Паркте флешмобтар мен шоулар ұйымдастырылып тұрады.
Аватария паркіне кіру бағасы:
"Легород" балалар орталығы желісі
Бұл атақты лего конструкторынан құрастырылған үлкен қалашығы бар ойын бөлмесі. Балалар бұл жерде сирек кездесетін жинақтармен және жаңадан шыққан конструкторлармен таныса алады. Сондай-ақ олар радиомен басқаратын үлгілерді де көре алады. Балалар бұл бөлмеде легодан өздерінің кішкентай қалаған қалашығын құрастыра алады.
"Легород" қалашығына кіру бағасы баланың онда өткізген уақытына және ыңғайлы абонементтерді қолдануға қарай әртүрлі болады.
Evrikum City
Evrikum City - интерактивті мамандықтар қаласы. Бұл жерде балалар болашақта кім болғысы келетінін біле алады. Олар түрлі мамандық иелерімен танысады.
Evrikum City-ге кіру бағасы:
BabyPolis балалар паркі
3000 шаршы метрлік BabyPolis паркінде әткеншектер, батуттар, лабиринт, арқан алаңы, автодром, лего қалашығы, шағын баскетбол алаңы бар. Демалыс күндері анимациялық бағдарламалар ұйымдастырылып тұрады.
BabyPolis паркіне кіру бағасы:
DinoPark Almaty
DinoPark ойын-сауық паркі емес, бірақ балаларға ұнайтыны анық. Бұл жерде әр бала динозаврлар жайлы пайдалы ақпарат алып шығады.
Динопаркке кіру бағасы: