Алматыда актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Алматыда актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Фото: кино кадры

Алматыда актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық мешіттегі қаралы жиынға марқұмның жақындары, өнердегі әріптестері, достары, қала тұрғындары - жүздеген адам жиналды.

Актерді ақтық сапарға шығарып салуға кино саласының танымал өкілдері - Асан Мәжит, Ерден Телемісов, Еділ Анарбай, Санұржан Сүлейменов, Олжас Тоғымбет және басқалары да келген.

Massaget.kz

Айта кетейік, бұған дейін өнері иесі қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды. Кейінірек актердің өзі ауыр дертпен қалай күресіп жатқанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

2026 жылы 8 қаңтарда қалың көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисенбин қайтыс болды.

Мұрат Бисенбин - актер, тележүргізуші. Кинодағы жолы 2001 жылы басталған. Актерліктен бөлек ол бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысқан.

Мұрат Бисенбин 1972 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Ол - Қызылорда қаласының тумасы. Ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша білім алған. "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлінен кейін үлкен танымалдыққа ие болған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget