Жыл басынан бері Алматыда 4600-ге жуық неке тіркелді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мегаполисте күн сайын орта есеппен 70-ке жуық неке қию рәсімі өтеді. Некеге тұрушылардың орташа жасы - қалыңдықтарда 29 жас, ал күйеу жігіттерде 32 жас.
"Неке қиюға өтініш берген ең егде жастағы адам - 92 жастағы ер адам. Ал заңнама талаптарына сәйкес рұқсат алған ең жас жұп 16 жасында отбасын құрды", - деді корпорация өкілдері.
Сондай-ақ, осы кезеңде 409 жұп шетел азаматтарымен некесін тіркеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!