Алматыда +39 градусқа дейін аптап болады

Алматыда +39 градусқа дейін аптап болады
Фото: depositphotos.com

Алматылық құтқарушылар аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күн қашан ысиды?

17-19 маусым аралығында ауа температуасы 35-39 градусқа дейін жетуі мүмкін. Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Аптап ыстықта не істеуге болмайды?

Алматы ТЖД өкілдері азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады:

  • тауға демалуға шыққанда от жақпау, тұтанған темекі қалдықтарын тастамау қажет;
  • бір желіге бірнеше электр құрылғысын қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкеп соғуы мүмкін.
  • балаларды көлік ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз.
  • Күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпаған жөн.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget